Қайрат Сатыбалдыұлы Елбасының туысқаны болып келеді. Министр белгілі бір тұлғалардың Назарбаев отбасы мүшелерінің қатарына кіруі заңмен белгіленетінін айтты. “Біріншіден, онда немере інілері кірмейді. Екіншіден, “Тұңғыш президент туралы” заңда Тұңғыш президент пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелері, қылмыстық жауапкершілікке тартыла алмайды деп жазылған… Ал айып тағу үшін тергеуге тыйым салынбаған. Қандай да бір іс-әрекеттері тергелуі мүмкін”, – деді Мусин. Еске сала кетсек, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлын ұстады. Агенттік мәліметінше, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген. Нұр-Сұлтан қаласының арнаулы ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлын екі айға қамауға алуға санкция берді.