Қатты дауыл салдарынан зардап шеккен адамдарға өтемақы төленеді. Өтемақы республикалық және жергілікті деңгейде төтенше жағдайлар резервтері есебінен беріледі. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деп мәлімдеді. “Дауылды жел барлық 9 аймақ арқылы өткен. Жергілікті бюджеттен бұзылған инфрқұрылым мен сынған шатырларды қалпына келтіруге ақша бөлінеді. Көлік құралдары бойынша міндетті сақтандыру бар. Егер келісімде төтенше жағдайдан сақтандыру мәселесі қарастырылса, сақтандыру компаниясы біртендеп өтемақысын төлейді”, – деді Ильин брифингте. Айта кетейік, наурыз айының 29-30-ы республиканың 7 облысы мен 2 қаласында екпінді желдің салдарынан инфрақұрылым нысандарына зақым келген. 300-ге жуық шатыр бұзылды. Төтенше жағдай кезінде 8 адам, соның ішінде 3 бала зардап шекті. Төртеуі ауруханаға жатқызылды, қалғандары тексеруден өтіп, үйге жіберілді. Бұдан бөлек, 8 облыстың 289 елді мекенінде жарық өшіп қалды. Қазір елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр. Республиканың үш облысындағы 14 елді мекенінің тұрғындары әлі де жарықсыз отыр. Соған байланысты төтенше жағдайды жою жөніндегі штаб құрылды.