Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін

Құтқарушылар облыс тұрғындарын қар басқан беткейлерге шықпауға үндеді. Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады. 109 көшкін қаупі бар учаскелер бар. Олар: Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан және Ескелді аудандарында, Текелі қаласында, Іле-Алатау жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауының солтүстік жотасында орналасқан.