Ауылшаруашылық жануарларын тіркейтін жүйе жаңартылады. Енді мал дәрігері жануар туралы деректі сырғадағы санды сканерлеу арқылы енгізе алады. Ветеринарға осындай мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасалып жатыр. Яғни жануардың сырғадағы жеке номерін сканерлеген кезде ветеринарлық деректері интернетсіз қолжетімді болады. Оған енгізілген өзгерістер мобильді құрылғы интернетке қосылған кезде жаңарады. Сондай-ақ ветеринарлық анықтама, сертификат беруге қатысты проблемалар кешенді түрде шешілмек. Осы арқылы елде дұрыс статистика қалыптасып, жүйелі жоспарлар құрылмақ. Ауыл шаруашылығы министрінің мәліметіне қарағанда қазір елде жалпы 33 миллион бас мал бар. Оның 8,3 миллионы ірі қара. 20 миллион 600 жүз мыңдайы ұсақ мал. 3,4 миллионы жылқы және 250 мың түйе бар.