Жемқорлықпен күрес агентігі: Қайрат Сатыбалдыұлының компаниялары миллиардтарды жымқырған

Қайрат Сатыбалдыұлының теміржолдарға кіре беріс жерлерді меншіктеген компаниялары бірнеше миллиард теңге жымқырған. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Агенттік Қайрат Сатыбалды, оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғалар үстінен қызмет тексерісі жалғасып жатқанын айтады. – Аталған тұлғалар мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен елдің қала құраушы ірі кәсіпорындарына кіре берістегі теміржол тарифтерін негізсіз қымбаттату арқылы көптеген миллиард теңге заңсыз пайда тапқан, соның салдарынан халыққа қызмет көрсету жұмысының бағасы өскен,- дейді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Агенттік жазуына қарағанда, Қайрат Сатыбалды бақылайтын бірнеше компания басшылары сот санкциясымен қамауға алынған.