500 мыңнан астам украиналық босқын еліне қайтып оралды. Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрлігі хабарлайды. Ал қарулы қақтығыс басталғалы туған жерінен өзге мемлекетке бас сауғалап қашқан украиналық босқындардың қатары 4 млн асады. Бұл БҰҰ-ның келтірген статистикасы. Ұйымның босқындар жөніндегі комиссары Филиппо Грандидің айтуынша, олардың көбі Польшаны паналаған.