Елімізде мал дәрігері жетіспейді

Елде ветеринария саласында 810 жұмыс орыны бос тұр. Яғни білікті кадр тапшы. Еңбек етіп жүрген мал дәрігерлерінің орта жасы 40 пен 55 арасында. Ал жастардың қызығушылығы жоқ. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Айтуынша, жастардың келмеуіне басты себеп жүктеменің көп, жалақының аз болуы. Қазір мал дәрігерлерінің айлығы өңірлерге байланысты 98000 мен 200 мың теңге арасында. Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаевтың айтуынша, өткен жылы ветеринария саласын тәмәмдаған 1283 түлектің тек 712-сі ғана мамандық бойынша жұмысқа орналасқан.