Соның салдарынан елде ұн тапшылығы туындауы мүмкін. Астық өңдеушілер одағынның мәліметінше, елімізде бір жарым аптаға ғана жететін бидай қоры қалған. Астық өсірушілер мен өңдеушілер бидайды бөлісе алмай, дау туып жатыр. Егер бидай таусылса барлық диірмен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Ұйым ұсынған деректерде бұрын диірмендер бидайдың бір тоннасын 114 мың теңгеден сатып алса, қазір баға 160 мың теңгеге жеткені жазылған. Бірақ оның өзін табу оңай емес. Ал бір тонна астық 160 мың теңге болса, ұнның құны қазірдің өзінде 224 000 теңге. Бұл нарықтағы бағасы 235 мың теңгеге жеткенін көрсетеді. Қымбатшылықтан қашып құтылу мүмкін емес, себебі өндіретін өнімнің өзіндік құнының 85 %-ы шикізатқа тәуелді», – делінген астық өңдеушілер одағы таратқан хабарламада.