Қазақстанда астық тапшылығы жоқ

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров осылай деп мәлімдеді. “БАҚ-та ұн тартушы кәсіпорындар шикізат жетіспеуіне байланысты жұмысын тоқтатқаны туралы ақпарат тарады. Астық тапшылығы жоқ екенін бірден айтқым келеді. Республикада дән жеткілікті. Бәрін дүрбелең салмауға шақырамыз”, – деді Айдарбек Сапаров. Алдын ала статистикалық мәлімет бойынша, 1 сәуірде республикада 6,4 миллион тонна астық бар. Вице-министрдің айтуынша, бұл көлем ішкі тұтынуды есептегенде, өзімізде қалдыруға және бір бөлігін ұн ретінде экспортқа шығаруға жеткілікті.