Қарағанды облысында қарттар үйі тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын қолды қылғандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған. Оның 30-ы – мүгедек, 60-ы – зейнеткер. Осы қылмысты жасады деген күдікпен қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал мекеме басшысына қатысты облыстық соттың шешімімен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық істі аймақтағы Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті тергеп жатыр.