Қарттар үйі тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын қолды қылғандар ұсталды

Қарағанды облысында қарттар үйі тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын қолды қылғандар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған. Оның 30-ы – мүгедек, 60-ы – зейнеткер. Осы қылмысты жасады деген күдікпен қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал мекеме басшысына қатысты облыстық соттың шешімімен 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық істі аймақтағы Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті тергеп жатыр.