Қорғаныс министрлігі маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі өкілдері маңғыстаулық сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Әлібек Қалыбай жеке құрамның сапқа тұруы кезінде өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина қызметкерінің жасаған амалдарына қарамастан жас сарбаздың өміріне араша түсу мүмкін болмады. Арнайы құрылған жедел тергеу тобымен қылмыстық істің аумағында болжамды барлық болған жағдай толығымен қарастырылады. Қажет сараптама алынды”, – деді қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары – генерал-майор Серік Борамбаев.