Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 42 жастағы Мәлік Нұржанұлы Отарбаев 2020 жылдың қарашасынан бері Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы болды. Бұған дейін ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2016-2018 жылдары Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің үшінші хатшысы болды.