Мәжіліс төрағасы жер қойнауының халыққа тиесілі екені туралы түзетулерді түсіндірді

Ол мұнайдан түсетін табыстың бір бөлігі азаматтар арасында бөлінетінін айтты. “Шынында да, жер, жер қойнауы, байлық – халыққа тиесілі. Мұны тағы да бекіттік. Халық мемлекет арқылы осы жер қойнауын, жерді басқарады. Бұл норма туралы. Ал жер қойнауын пайдаланумен айналысатын мұнай, тау-кен компаниялары салық төлеп, жұмыс орындарын ашады. Менің ойымша, олар заңнама аясында жұмыс істесе, бұзбаса, олар қалауынша жұмыс істей алады”, – деді Ерлан Қошанов. Алайда мұнай экспортынан түсетін табыстың бір бөлігін қазақстандықтар арасында бөлу туралы сұраққа ол “қазір жауап беруге дайын емес екенін” айтты. Еске салайық, бұған дейін президент жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітуді ұсынған болатын.