Алматы жылу жүйелеріне айыппұл салынды. Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Алматы жылу жүйелері» серіктестігінің жұмысын тексеріп, бірқатар заң бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24». Серіктестік 2019 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін тұтынышулармен жасасқан келісімшарттағы техникалық талаптарды орындамаған. Тексеру кезінде тұтынушыларға теңдей құқық берілмегені анықталған. Бұған қоса келісімшарт құжаты Ұлттық экономика министрлігі бекіткен қаулыға сәйкес болмай шыққан. Нәтижесінде серіктестікке 17 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.