Жеңілдетілген ипотеканың жаңа бағдарламасы іске қосылады – кімге беріледі

Қазақстанда жақын арада жаңа қолжетімді ипотека пайда болуы мүмкін. Оның операторы “Қазақстандық тұрғын үй компаниясы” болады , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта несиелеу механизмі мен шарттары пысықталып жатқаны, содан кейін жоба бекітуге жіберілетіні айтылады. Бірақ мемлекет бағдарламаны субсидиялауға ниетті екені белгілі. Қолжетімді ипотека операторы болашақ қарыз алушының портретін де анықтапты. Бұл отбасына жалпы табысы жарты миллионға жуық теңгеге жететін және ай сайын 200 мыңнан төлеу мүмкіндігі бар орта тап өкілі екен. Бастапқы жарна бар болғаны – 20 пайыз.