Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Іле ауданындағы қайғылы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. “Тергеу барысында 41 жастағы күдіктіге қатысты “келуге міндетті” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды”, – деді ПД. Істің мән-жайын анықтау үшін бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Қылмыстық істі департаменттің тергеу бөлімі бақылауға алды.