Алматы облысындағы 10 жастағы баланың өліміне картинг директоры күдікті деп танылды

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Іле ауданындағы қайғылы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. “Тергеу барысында 41 жастағы күдіктіге қатысты “келуге міндетті” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды”, – деді ПД. Істің мән-жайын анықтау үшін бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Қылмыстық істі департаменттің тергеу бөлімі бақылауға алды.