Елімізде референдум өткізу жоспары жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың хабарлауынша, 15 мамырға дейін комиссиялар мен сайлау учаскелері құрамының тізімдері белгілі болады. Сондай-ақ референдумға дейін үгіт-насихат жүргізуге де рұқсат етіледі. Ол референдум туралы жарлық енгізілген сәттен басталып, 4 маусымда тыныштық күні аяқталады. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне әкім қол қояды және 15 мамырдан кешіктірмей беріледі. Бұл тізімдерде әрбір азамат өзінің қатысу мүмкіндігін тексере алады. 16-25 мамыр аралығында комиссия дауыс беру орны, уақыты мен күні туралы хабарлайды. Референдум 5 маусымда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, қаулымен бекітіледі. Комиссияның қорытынды туралы есебі дауыс беруден кейін 7 күн ішінде жариялануы тиіс.