Маңғыстау облысында Ақтау-Жаңаөзен тасжолында сел жүрді

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнында түсірілген кадрларды жариялап жатыр. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіндегілер сел шайып кеткен жол учаскесінде жұмыс жүргізіп жатыр. “Ақтау-Жетібай республикалық маңызы бар автожол учаскесіндегі жағдай бақылауға алынды. Жолдың қирау қаупі жоқ. Көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ”, – деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, сәуір айының соңында Ақтау жұрты жаңбыр жаууын тілеп, тасаттық берген еді.