Референдум кезінде Ashyq қайта қолданылуы мүмкін

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты. “Референдум өткізілетін күні қандай алдын алу шаралары болатыны мемлекеттік санитария дәрігерінің жеке қаулысында көрсетіледі және әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Эпидахуал күрделенсе, аумақтық референдум комиссиясының мүшелерін вакцинация туралы құжаттық растамасы болса ғана сайлау учаскелеріне жіберуге бағытталған қосымша шаралар енгізіледі”, – деді Есмағамбетова.