Ақтаудағы №66/56 әскери бөлімінен сарбаз қашып кетті. Қатардағы жауынгер 14 мамырда көше тыныштығын күзеткен жауынгерлік жасақ құрамында болған. Сол күні кешке жиналу орнына қайтып келмейді. Содан бері хабар жоқ. Қазір сарбаз іздестіріліп жатыр. Ол былтыр маусым айында Ақтөбеден әскерге шақырылған.