Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды

Шымкентте тергеу абақтысының 17 қызметкері қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара изолятордан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылды. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылғанын хабарлады. Қазір тергеу изоляторында қызметтік тексеріс басталды. Қалалық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Айта кетейік, 11 мамыр күні бұл изолятордан мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген күдікпен қамауда отырған күдікті қашып кеткен. Әлеуметтік желіге тараған видеожазбадан қашқынның абақты ішінде емін-еркін жүріп, еш қиындықсыз далаға шығып кеткенін көруге болады.