Алаңның мұзын ерітпей, қатырып тұратын тоңазытқыштың сапасы нашар. Жасанды мұз алаңын салған компания жіңішке кабель жүргізген. Бұл іске жауапты кәсіпкер 1,5 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін істі болып, түрмеде отыр. Мұз айдынының құрылысына БҚО-дағы Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан шетелдік компания 2 миллион доллар инвестиция құйған.