Тұрғын үй кезегін жылжытқысы келген өскемендік ақшасынан айырылды

Жәбірленуші банктің мобильді қосымшасымен 450 мың теңге қаражатты алаяққа аударып жіберген. Polisia.kz. Өскемен қаласының полициясына 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Тәртіп сақшылары қылмысты ашуға кіріскен. Нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстады, оған қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша Алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.