Бүгін оның салтанатты ашылуы болды. Жаңа станциялар қала орталығын жатын аудандармен байланыстырады. Екі станция мегаполистегі жұмыс істеп тұрған тоғыз станцияны жалғады. Енді метро желісінің жалпы ұзындығы 13,4 шақырымға тең болды. Желі бойына 7-10 минут сайын жүретін төртвагонды 15 электр пойызын жіберу жоспарланып отыр. Осыған дейін метро күніне 45 мыңға жуық жолаушы тасымалдап отырған. Енді бұл көрсеткіш күніне 85 мың жолаушыға дейін артпақ. “Сарыарқа” станциясы Абай даңғылы бойында Алтынсарин мен Саин көшелерінің аралығында Family Park маңында, ал “Бауыржан Момышұлы” станциясы Абай даңғылы бойында Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. 2025 жылға дейін “Қалқаман” станциясы…