Әскери қызметшілердің зейнетақысы қалай есептеледі?

Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының басшысы зейнетақының қалай есептелетінін түсіндірді. “Зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25-тен астам еңбек өтілі болса, әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады. Мысалы, 30 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшіге өзінің алып отырған жалақысының 60 пайыз зейнетақы тағайындалады”, – деді Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қайыржан Бимолдин.