Қаңтардан бастап микроқаржылық ұйым клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті. Клиентке электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы, Ұлттық банктің сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық индентификаттау жүргізу керек.