Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан туын пайдалану ережесін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді

“Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылып жатыр. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы”, – деді Тоқаев. Еске салйық, 25 мамырда Алматыда өткен концертте “Ирина Кайратовна” тобы мен Shiza лақап атымен танымал Асхат Жолшиев сахнаға мас күйінде шыққан. Асхат Жолшиев мемлекеттік туды қорлаған. Бұдан бөлек, өнерпаздар бейәдеп сөздер айтқан болатын.