Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда саясатқа араласып жатқан жоқ. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, Конституцияда экс-президенттерге қатысты нормалар бекітілген. Бірақ “одан артық ештеңе өзгертілмейді”. Бүгінде Қазақстанның экс-президенті саясатқа араласып отырған жоқ. “Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясатқа араласып жатқан жоқ. Әрине, референдум сияқты үлкен шаралар болғанда ол кісі міндетті түрде қатысады. Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауын жасайды. Бірақ саясаткер ретінде, тұңғыш президент ретінде саясатқа араласпайды. Біз ол кісімен ақылдаспаймыз”, – деп түйіндеді Әшімбаев.