Ақтауда Иран азаматынан 39 келі есірткі тәркіленді

Ақтауда полицейлер пәтерлердің бірін тінту кезінде жалпы салмағы 39 келі есірткі тәркіледі. Арнайы жасақ жоғары қабаттан арқанмен түсіп, күдікті тұрған пәтердің терезесін бұзып кірді. Пластик құтыларға салынған еліткіш зат апиын екен. Ал қолға түскен әйел Иран Ислам Республикасының азаматы болып шықты. Қазір ол қамауда отыр. Ірі көлемдегі есірткі сақтауға басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.