Министр Өскенбаев заңсыз салынған үйлер мәселесі қалай шешілетінін айтты

Сенатта Алматы қаласы бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Оның аясында қаладағы заңсыз құрылыс мәселесін шешуге қатысты ұсыныс енгізіліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Алматыда шамамен 14 мың үй-жайдың рұқсат қағазы жоқ. Былайша айтқанда, жаппай салып тастаған”, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. Осы орайда жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін түсіндірді. “Егер техникалық жағынан құрылысты заңдастыруға мүмкіндік болса, халықты дүрліктірмеу үшін тиісті рұқсат қағаздары беріледі. Бірақ өз бетімен салынған құрылыстар бас жоспар бойынша жол және тағы басқа коммуналдық желілер өтетін жерде салынған жағдайда ол жерлерді қайтару мәселесі қаралады”, – деп атап өтті Өскенбаев.