Елімізде “қант алаяқтары” көбейді

Олар қантты төмен бағамен ұсынады. Тіпті келісім жасап, құжат дайындайды. Қанттың келісін 250-300 теңгеден сатады.Сатушылар қоңырауды WhatsApp арқылы қабылдайды, тек көтерме бағамен алуды ұсынады. Клиент 5 қап қанттың төлемін жасағаннан кейін телефон нөмерін бұғаттап тастайды екен. Соңында қант клиентке жетпейді, – дейді Батыс Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Ілияс Мұқанов.