Алматыда ағаш арасынан қапқа салынған қару-жарақ табылды

Қапта бірнеше тегіс ұңғылы мылтық, жауынгерлік тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар болған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасында тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.