Уимблдон турнирінде топ жарған жерлесіміз қаржыны қайырымдылық мақсатында және жас буынның дамуына жұмсауды сұрады. Елена Рыбакина бүгін түнде елге оралды. Айта кетейік, қазақстандық теннисші Уимблдон бәсекесінің жекелей сынында топ жарып, отандық спорттағы тарихи жетістікке жетті. Ол финалда әлемдік рейтингте екінші тұрған тунистік Унс Джаберді ұтты. Жерлесіміздің өзі 23-ші болып тұр. Турнирге Ресей мен Беларусь спортшыларының қатыспауына байланысты осы жолы жеңімпаздарға рейтингтік ұпай берілмейді. Егер аталған шектеу болмағанда Елена Рыбакина қазір 17 саты жоғарылап, 6-орынға тұрақтар еді.