Шымкентте мектеп директорлары жаппай ауыстырылып жатыр. Жаңа оқу жылына дейін 68 педагог басқа мектепке басшы болып барады. Яғни мұндай өзгеріс қаладағы жалпы білім беру мекемелерінің тең жартысын қамтиды деген сөз. «Тізімге іліккен директорлар бір жерде 15-20 жыл жұмыс істеген. Осынша уақытта қызметке деген ынтасы жоғалып, тіптен сыбайлас жемқорлық әрекетке баруға тәуекелділігі арттыруы мүмкін», – дейді білім басқармасындағылар. Бір айта кетерлігі, бұған дейін Шымкентте 50 балабақша жетекшісі басқа бөбекжайға ауысқан.