Бұл жолы Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері тілшілермен кездесіп, Бибісара Асаубаеваның жазбасына қатысты пікір білдірді. Еске сала кетейік, бірер апта бұрын жас спортшы шахматқа 3 млрд теңге бөлудің қажеті жоқ. Бұл ақша еліміздің басқа қажеттілігіне жұмсалсын деген болатын. Бұған қоса чемпиондардан “қайыршы” жасауға тырысады. Мен үшін бұл-өте ұят жағдай деп мәлімдеді. Ал Шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов болса, бұл жазбаны Бибісараның өзі емес, анасы жазған болуы мүмкін дейді. Яғни Бибісараның анасы тарапынан қызғаныш болуы мүмкін екенін алға тартады. Бұған қоса қаржы бөлінетін болса, ол министрлік және әкімдік арқылы шахмат секциялары мен үйірмелерін ашуға, спортшыларды қаржыландыруға жұмсалатынын жеткізді.