Таритха алғашқы алтын: қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Дүбірлі дода АҚШ-та өтіп жатыр. 26 жастағы Джеруто 3000 метрге кедергімен жүгіруде алдына жан салмай, бұл қашықтықты 8:53.02 уақыт көрсеткішімен бағындырды. Осылайша ол әлем чемпионатының рекордын орнатты. Нора Джеруто Кенияда туып, 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. 2022 жылы ол Қазақстан атынан әлем чемпионаттарына қатысуға ресми түрде рұқсат алды.