Үш ер адам әуежайда төбелес шығарды. Мас күйде болған олар полицияның талабына бағынбаған. Тіпті бірі қолындағы бөтелкесін сындырып, полиция қызметкеріне қарай ұмтылған. Ауыр қылмыстың алдын алу мақсатында тәртіп сақшысы өзінің табельдік тапаншасымен аспанға ескерту ретінде оқ атқан. Төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар Алматы және Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Олардың екеуі бұрын сотты болған. Қазір аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полиция табельдік қаруды қолдану фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлады.