Алматыда өрт шықты

Куәгерлер Сейфуллин даңғылы мен Сәтбаев көшесі қиылысында шығып жатқан қара түтін туралы хабарлады. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртсөндірушілер “Керемет-7” шағынауданы, 32-корпуста жұмыс істеп жатыр. “13 қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртенді. Өртке қарсы автосаты қойылды, оқпандар енгізілді, газ және түтіннен қорғау қызметінің жұмысы ұйымдастырылды”, – делінген хабарламада.