Қазақстан бас прокуратурасы Қаңтар оқиғасына байланысты 717 адамға сот үкімі оқылғанын мәлімдеді. Оларға “жаппай тәртіпсіздікке қатысу”, “ұрлық”, “тонау”, “қару-жарақ сақтау, қару алып жүру” және өзге баптар бойынша айыптар тағылған. Бұл жөнінде бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарламасынан үзіндіні Vlast сайты жариялады. 1077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылған. Бұған дейін бас прокуратура айыпталушылардың көбіне шартты жаза берілгенін мәлімдеген.