Қостанайда әкімдік қызметкерлері мен «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері қантты жекелеген кәсіпкерлерге шекті мөлшерден тыс әрі кезексіз таратқан. Облыстың тұрақтандыру қорынан келісін 420 теңгеге алған қантты арамза кәсіпкерлер тұрғындарға белгіленген 10%-тің орнына 100% үстемемен сатып келген. Бұндай жіміскі әрекетке «алғыс» ретінде олар әкімдік пен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация қызметкерлеріне 100-ден 500 келіге дейін қант жіберіп отырған. Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке көлік тұрағын тексеру кезінде 900 келі қант анықталды. Тәркіленген өнім қорға қайтарылды. Істі облыс бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр.