Оралда кәсіпкерді өлтірді деп күдікке ілінген екі адам қамауға алынды

Оралдағы кәсіпкерді өлтірді деп күдікке ілінген 21 жастағы Тұрлан Амангелді мен 31 жастағы Руслан Қожантаев екі айға тергеу изоляторына қамалды. 11 тамызда тергеу соты оларды қамауға алу туралы шешім шығарды. Полиция Қожантаев екінші күдіктімен бірге кәсіпкерді өлтіруді алдын ала жоспарланған деп күдіктенеді. Кейін мейрамханада Қожантаев пен Мұханғалиев сөзге келіп қалып, Қожантаев кәсіпкерге бірнеше рет пышақ салған. Мейрамхана иесі пышақ жарақатынан сол жерде көз жұмған. Екі күдіктіні оқиғадан екі күн өткенде ұстаған. Тергеу сотында Қожантаев екі әйелі, балалары барын айтып, изоляторға қамамауды сұрады. Ал Амангелді сотта өзіне “Руслан қысым жасағанын” айтып, қамауға алмауды өтінді. Бірақ сот тергеудің өтінішін қанағаттандырып, екі күдіктіні екі айға қамауға алды.