Ол Ақмола облыстық соты мен жергілікті ақпарат порталының редакциясына бомба қойылды деп, Көкшетау қаласының күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған. Сегізінші сынып оқушысы 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеушілердің айтуынша, оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. Саперлар мен кинологтар ғимаратты екі сағат тексеріп, қауіпті ештеңе таппады. Жасөспірімнен электронды поштаға хат жіберген компьютері тәркіленді. Қазір ол кепілде. Полицейлер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. “Қазір құқық қорғау органдары “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” бойынша соталды тергеуді бастады. Бұл бапқа сәйкес, 14 жастан бастап қылмыстық жаза қарастырылған”, – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.