Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты

Құбырға сынақтар жүргізіп жатқан сәтте бірі жүктемені көтере алмаған. “”Қазтурборемонт” қосалқы мердігерінің Infradel Projects қызметкері Өркен вахталық қалашығының құрылыс алаңында өлі табылды. Теңіз кенішнің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан марқұмның отбасына көңіл айтамыз”, – деді “Теңізшевройл” ЖШС баспасөз қызметі. Қаза тапқан қызметкер 50 жастағы Атырау қаласының тұрғыны. Қазір кеніш аумағында барлық жұмыс тоқтатылып, компания қызметкерлері вахталық қалашыққа жіберілді. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. “Түнде жедел түрде марқұмның денесі туған-туысқандарына жеткізілді. Біз аталған қызметкердің отбасысына өтемақы төлеуге дайынбыз. Компания қаза тапқан қызметкердің жерлеу рәсімін өткізеді”, – деді Infradel Projects мердігер компаниясының өкілі.