Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деп мәлімдеді. Ведомство басшысы өрттің үлкен аумаққа таралуына жел себеп болғанын айтты. “Орман өрті шамамен 20 шақырым жерде болған. Бірден бірнеше шақырымда өрт тұтанған. Үлкен аумақта өрттің таралуы секундына 25 метрге дейін жетіп, жел басталған. Соның салдарынан жердегі қызметтермен сөндіру мүмкін болмайтындай өрт басталып кетті”, – дейді Ильин. Бүгінде өрт әзірге сөндірілмеді. Министрдің айтуынша, өртті сөндіруге техника жеткілікті: шамамен 250 техника бар. Өртті сөндірумен екі мыңға жуық адам айналысып жатыр.”Шамамен өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Ол тек орман аймағы емес: егістік жерлер, жалпы пайдалану орындары мен жайылымдар да бар”, – деді ТЖ министрі.