Тоқаев Азия чемпионы атанған Алан Құрманғалиевті құттықтады

15 жастағы қазақстандық Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленді. “Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді”, – делінген президент баспасөз қызметінің мәліметінде. Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.