Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге ақша төленеді

Шығын есептеліп, резервтен қаржы бөлінеді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында осылай деді. Өрт 2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығының аумағында басталған. Қыркүйектің 3-і күні Әулиекөл ауданында өрт салдарынан бірнеше ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты. 5 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Мемлекет басшысы өртті жою барысына баға берді. Ол өрт болған аумақты тікұшақпен аралап, төтенше жағдайдан сабақ алуға шақырды. Президент өрттен зардап шеккендермен кездесті.