Бетін жауып алған адам жігіттің қолынан және басынан темір шынжырмен соққы жасаған. Маңғыстау облыстық полиция депаратменті оқиғаның облыс орталығында болғанын растады. Қазіргі кезде барлығы анықталды, күдіктілерді ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыс адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалса, 5 000 айлық есептiк көрсеткiшке (15 900 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.