Ұлытау облысына елордадан жаңа жолаушылар пойызы қатынайды

Нұр-Сұлтан қаласынан Жезқазғанға жаңа №65/66 жолаушылар пойызы іске қосылады. “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметінің ақпаратынша, пойыз күнара жүреді: жұп күндері – Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері – Жезқазғаннан. “Тальго вагондарынан құралған пойызда – 344 орын. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биоәжетханалармен жабдықталған. Әр купеде розеткалар бар. Сонымен қатар, жолаушылар жол бойы Vputi.kz мультимедиялық порталында фильм көріп, музыка тыңдай алады”, – делінген хабарламада.